27 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы  №237

483 рет
көрсетілді
39 мин
оқу үшін
2015 жылғы 20 наурыз, Астана қаласы «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» санитариялық қағидалар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілiк ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және Инвестициялар және даму Энергетика министрі әлеуметтік даму министрі министрі ______________ В. Школьник ______________ Т. Дүйсенова _______________ Ә. Исекешев 2015 жылғы 7 сәуір 2015 жылғы 14 сәуір 2015 жылғы 17 сәуір Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыз №237 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген, адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын өндірістік объектілердің (бұдан әрі – объект) жер телімін таңдауға, оларды жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеу мен пайдалануға, сондай-ақ, өндірістік объектілердің қауіптілік сыныбына, санитариялық-қорғаныш аймағының (бұдан әрі – СҚА) өлшемі мен оны жобалауға, санитариялық ажырауларға (бұдан әрі – СА), осы өлшемдерді қайта қарау негіздемелеріне, оларды белгілеу әдістері мен тәртібіне, СҚА пайдалану аумағын көгалдандыруға және шектеуге қойылатын талаптарды айқындайды. 2. Өнеркәсіптік алаң сыртында пайда болатын ластану деңгейлері рұқсат етілген шекті шоғырланудан (бұдан әрі – РЕШШ) және/немесе рұқсат етілген шекті деңгейден (бұдан әрі – РЕШД) 0,1-ден асатын немесе тұрғын үй аймақтарының ластануы үлесі РЕШШ 0,1 асатын объектілер болса адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылады. 3. Өндірістік объектілердің санитариялық-қорға­ныш аймағын белгілеу жөніндегі санитариялық-эпидемио­логия­лық талаптар мыналарды қамтиды: 1) СҚА және СА өлшемдерін белгілеуге қойылатын талаптар; 2) СҚА және СА аймағын жобалауға қойылатын талаптар; 3) СҚА және СА аймағы аумағының тәртібіне және көгалдандыруға қойылатын талаптар. 4. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды: 1) авариялық жағдайларды есепке алу – жобалау құжаттамасында халықтың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп­сіздікті қамтамасыз ететін шығарындылар таралуының тиісті есептеулерінің және пысықталған іс-шаралардың болуы; 2) баламалы электр қуаты – мегаватта көрсетілген (бұдан әрі – МВт) белгіленген қосынды электр және жылу қуаты; 3) қолайлы тәуекел – оларды төмендету бойынша қосымша шараларды қабылдауды қажет етпейтін және халықтың күнделікті өмірі мен қызметінде болатын тәуекелдерге қарағанда тәуелсіз, аз ғана болып бағаланатын қолайсыз тиімділіктің даму тәуекелінің деңгейі; 4) ластану аймағы – шегіндегі атмосфераның жер бе­тіндегі қабаты РЕШД-н асатын шоғырланудағы зиянды зат­­тармен ластануы мүмкін ластану көзінің айналасындағы аумақ; 5) мамандандырылған ұйымдар – зертханалық және құрал-саймандық зертеулерді жүргізу үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте аккредиттелген, осы қызмет түріне лицензиясы, білікті мамандары бар және өзінің құрамында зертханалары немесе белгіленген заңнамаға сәйкес тексеруден өткен тиісті өлшеу құралдары бар, немесе осы қызмет түрін жүзеге асыратын зертханалармен ұзақ мерзімді келісімі бар ұйымдар; 6) объектінің қауіптілік сыныбы – қоршаған ортаға бөлі­не­тін ластайтын заттардың, қоршаған ортаға және адам­ның денсаулығына қолайсыз әсер ететін пайда болатын шудың, дірілдің, иондалмайтын сәуленің қуатына, пайдалану жағдайына, сипатына және мөлшеріне байланысты белгіленетін, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қолданы­латын заңнамаларға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосының аумақтық бөлімшесінің Кодекстің 62-бабының 8-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы берілетін, қызметтің осы түрін жүзеге асыратын жобалау ұйымы анықтайтын объектінің санаты; 7) өндірістік объект – адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын процестерді, жабдықтарды және технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын өнім шығарумен, жұмыс орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты шаруашылық қызметінің объектісі; 8) өнеркәсіптік алаң – өнім шығару, жұмыс орындау және қызмет көрсету бойынша өндірісті орналастыруға арналған және қызметі адамның өмір сүру ортасына әсер етуі мүмкін негізгі объектілер орналасқан аумақ; 9) СҚА шекарасы - СҚА аумағын немесе шекараларынан тыс жерде әсер ету факторлары белгіленген гигиеналық нормативтерден аспайтын жоспарлы кескіндердің ең көп кеңістіктерін шектейтін сызық; 10) санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемін негіздеу – штаттық режимде жұмыс істеу үшін объектінің толық жобалық қуатына шығарындылардың барынша қолайсыз таралуы жағдайларын және аналогтарды зерделеуді айқындайтын өлшем; 11) СҚА – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ, елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдарын және басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін кеміту мақсатында жақын арадағы селитебті аумақтардан, ғимараттардан және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстардан бөлетін аумақ; 12) СА – зиянды әсер ету көзінен бастап СҚА режимі бар, бірақ, оны ұйымдастырудың негіздеу жобасын әзірлеуді талап етпейтін тұрғын-үй салу құрылысының, ландшафты-рекреациялық аймақтың, демалыс, курорт аймағының шекарасына дейінгі ең аз арақашықтық (әуе кемелерінің ұшу және қону, ғарыш аппараттарының ұшу мен ұшыру аймағындағы ұшудың стандартты бағыттарының бойындағы СА қоспағанда); 13) СҚА негіздеу жобасы – өмір сүру ортаға әсер ететін көздер болып табылатын объектілер үшін әзірленетін СҚА өлшемін анықтайтын жоба. 2. Өндірістік объектілердің СҚА белгілеу жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 5. СҚА халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді, оның өлшемі ластанудың атмосфералық ауаға әсерін (химиялық, биологиялық, физикалық) санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарына сәйкес белгіленген мәндерге дейін және, ал қауіптіліктің І және ІІ сыныбы объектілері үшін – сани­тариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарына сәйкес белгіленген мәндерге дейін, сондай-ақ халықтың денсаулығы үшін қолайлы тәуекелдің шамасына дейін азайтуды қамтамасыз етеді. 6. СҚА өзінің функционалдық мақсаты бойынша объектіні штаттық режимде пайдалану кезінде халықтың қауіпсіздік дең­гейін қамтамасыз ететін қорғаныш кедергісі болып табылады; 7. Адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына қолайсыз әсер ету көздері болып табылатын объектілер үшін жобалық және жоба алды құжаттамаларының құрамында СҚА өлшемі негізделеді. 8. Кодекстің 145-бабының 2-тармағына сәйкес СҚА өлшемі мен шекарасын негіздеуді жоба алды және жобалық құжаттама жасау кезеңінде (қала құрылысы қызметі, орналастыру, жобалау, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру) елді мекендердің атмосфералық ауасына химиялық, биологиялық, физикалық әсер ететін көздер болып табылатын объектілерді пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектісі жүзеге асырады. 9. Жоба алды және жобалық құжаттамадағы СҚА өлшемін негіздеу мыналарды қамтиды: 1) технологиялық процестің, қала құрылысы жағдайын сипаттайтын түсіндірме жазба; 2) СҚА өлшемі мен шекарасы және оның атмосфералық ауаға физикалық әсерінің, атмосфералық ауаны химиялық, биологиялық ластаудың таралуының есептеулерімен негіздеу; 3) шығарындылар көздері, өлшемі түсірілген СҚА схемасы; 4) жаһандық позициялау жүйесін қоса алғандағы координаталар жүйесіндегі қағаз түріндегі және (немесе) электрондық жеткізгіштегі ситуациялық жоспар; 5) халық денсаулығының тәуекелін бағалау жөніндегі материалдар; 6) СҚА аумағын пайдалану режимі және көгалдандыру; 7) I - IV – қауіптілік сыныбындағы объектілер үшін: СҚА есептік өлшемін растайтын заттар мен бақыланатын көрсеткішердің, бақыланатын нүктелердің тізбесі, объектіні бақылау кезеңділігі мен жұмыс режимі бар заттай зерттеулер мен өлшемдердің бағдарламасы; 8) халықты атмосфералық ауаға шығарылатын зиянды химиялық қоспалардың әсерінен және физикалық әсерден қорғау жөніндегі іс-шаралар; 10. СҚА негіздемесін жобасы әзірленген объектіге қатысты ұйымның, жобалық құжаттаманы әзірлеушінің лауазымды тұлғалары (немесе жеке кәсіпкер) бекітеді және тапсырыс берушімен келісіледі. Әзірленген жобаның толықтығына, дұрыстығына және сапасына жобалық құжаттаманы әзірлеуші жауапты болады. 11. Зертханалық зерттеулерді жүргізуге арналған көрсеткіштер тізбесі, химиялық заттардың таралуының есептеулері оның ішінде халықтың денсаулығының тәуекелін бағалау негізінде анықталады. 12. СҚА шекарасындағы гигиеналық нормативтердің сақталуын растауды СҚА негіздеу жобасының жоба алды және жобалық құжаттамалары құрамында ұсынылған заттай зерттеулер мен өлшемдердің бағдарламасына сәйкес өндірістік бақылау бойынша елді мекендердің атмосфералық ауасына химиялық, биологиялық, физикалық әсер ету көздері болып табылатын I – IV қауіптілік сыныбындағы объектілерді пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектісі өздігінен жүзеге асырады. 13. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттеуден өткен ат­мосфералық ауаны зертханалық зерттеуді және атмосфе­ралық ауаға физикалық әсер етуді өлшеуді зертханалар жүргізеді. 14. СҚА сыныптама бойынша шамамен алғандағы өлшемі атмосфералық ауаның күтілетін ластануының және физикалық әсер ету деңгейлерінің есептеулері бар СҚА жобасымен негізделуі тиіс. 15. Объектіні пайдалану кезінде атмосфералық ауа­ның күтілетін ластануының және физикалық әсер ету деңгейлерінің есептеулері заттай зерттеулер мен өлшеулердің нәтижелерімен тексерілуі тиіс. 16. Әуе кемелерінің ұшу және қону, ғарыш аппараттарын ұшыру аймағындағы ұшудың стандартты бағыттары бойындағы СҚА және СА өлшемдерінің негізделгендігі қолданыстағы, құрылысы белгіленген немесе жобаланған кәсіпорындардың үлесін ескере отырып, белгіленген тәртіп бойынша келісілген және бекітілген әдістер бойынша орындалған барлық ластайтын заттар үшін атмосфераға шығарындылардың таралуының және физикалық факторлардың таралуының есептеулерімен расталады. Кодекс пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес СҚА, СА негіздеу жобасы және халықтың денсаулығы үшін қолайлы тәуекелді бағалау мамандандырылған ұйымдармен әзірленеді. 17. Объектілердің СҚА жүйелі әзірленеді: атмосфералық ауаға физикалық әсерді және атмосфералық ауаның ластанып таралуын (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) есептеулері бар жобаның негізінде орындалған (алдын ала), есептеу параметрлерін растау үшін заттай зерттеулер мен өлшеулердің жылдық циклының нәтижелері негізінде – белгіленген (түпкілікті). Әуе кемелерінің ұшу және қону, ғарыш аппараттарын ұшыру аймағында ұшудың жаңадан орналастырылатын стандартты бағыттары үшін СА мынадай жүйеде әзірленеді: 1) атмосфералық ауаға физикалық әсер ету (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) есептеулері бар жобаның негізінде орындалған есептік (алдын ала); 2) заттай өлшеулердің жылдық циклының нәтижелері негізінде түзетілген, белгіленген (түпкілікті). 18. СҚА өлшемін айқындауға арналған критерий оның сыртқы шекараларында және оның сыртында елді мекендердің атмосфералық ауасы үшін ластану заттарының шоғырлануы максималды бір реттік РЕШШ немесе әсер етудің шамамен алғандағы қауіпсіз деңгейінен (бұдан әрі-ӘЕБҚД) және/немесе физикалық әсер етудің РЕШД аспау болып табылады. 19. Адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын объектілерді тұрғын үй құрылысы аумағынан, ландшафтылы-рекреациялы аймақтан, демалыс аймағынан, курорт, санаторий, демалыс үйлерінің, стационарлық емдеу-профилактикалық ұйымдарының аумақтарынан, бау-бақша серіктестіктері мен коттедж құрылысы аумақтарынан, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерінен СҚА мен СА бөлу қажет. 20. Адам қоныстанбаған жерлерде жаңадан құрылатын өндірістік объектілерді орналастыру кезінде СҚА және СА шека­расы осы Санитариялық қағидалардың 5-тарауында көрсетілген объектілерді орналастыруға тыйым салуды айқындайды. 21. СҚА өлшемін белгілеу практикасын ескере отырып өндірістік және басқа да объектілердің санитариялық сыныптамасы және СҚА ең аз өлшемдері әзірленді (бұдан әрі – санитариялық сыныптама). Осы Санитариялық қағида­лар­дың 1-қосымшасына сәйкес объектілер мен өндірістердің қауіптілік сыныптарына байланысты мынадай СҚА өлшемдері белгіленеді: 1) СҚА 1000 метр (бұдан әрі –м) және одан артық – І қауіптілік сыныбындағы объектілер; 2) СҚА 500 м-ден 999 м-ге дейін ІІ қауіптілік сыныбындағы объектілер; 3) СҚА 300 м-ден 499 м-ге дейін ІІІ қауіптілік сыныбындағы объектілер; 4) СҚА 100 м-ден 299 м-ге дейін ІV қауіптілік сыныбындағы объектілер; 5) СҚА 0 м-ден 99 м-ге дейін V қауіптілік сыныбындағы объектілер. 22. Санитариялық сыныптамаға енбеген, сондай-ақ жаңа, елде және шет елдерде аналогтары жоқ, жеткілікті зерделенбеген технологиялары бар объектілер үшін белгіленген (түпкілікті) СҚА-ның ені әрбір нақты жағдайда Кодекстің 62-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешімімен белгіленеді. Қалған жағдайларда Кодекстің 62-бабының 8-тармағына сәйкес - тиісті аумақтардағы (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және қаланың) және көліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық сала­маттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомство­сының аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары белгілейді. 23. Барлық объектілер, соның ішінде І және ІІ қауіптілік сыныбындағы объектілер және санитариялық сыныптамаға енгізілмеген, сондай-ақ жаңа, елде және шет елдерде аналогтары жоқ, жеткілікті зерделенбеген технологиялары бар өндірістер үшін СҚА алдын ала (есептемелік) өлшемі тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және көліктегі лауазымды адамдары - Кодекстің 62-бабының 8-тармағына сәйкес атмосфералық ауаның ластануы таралуының және атмосфералық ауаға физикалық әсер етуінің (шу, діріл, иондалмайтын сәулелену) есептеулері бар жобаның негізінде жер учаскесін таңдау кезінде белгілейді. 24. Автомобиль магистральдары, теміржол көлігі желілері, жер бетіндегі метрополитен учаскелері үшін, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшу және қону, ғарыш аппараттарын ұшыру аймағындағы ұшудың стандартты бағыттарының бойында жер бетіне түскен проекциядан СА белгіленеді. СА шамасы әрбір нақты жағдайда, кейіннен заттық өлшеулер физикалық факторлардың (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) есептеу негізінде, жүргізу арқылы белгіленеді. 25. Жеңіл автомобиль тұрақтары, гараждар, көлік құрал­дарына техникалық қызмет көрсету, автомашина жуу, әуе электр желілері объектілері (бұдан – әрі ӘЭЖ), сарқынды суларды тазарту, көмірсутекті шикізатының магистралды құбырлары, компрессорлы және мұнай айдайтын станциялар үшін СА құрылады. СА ең аз мөлшерлері осы Сани­тариялық қағидаларға 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларда көрсетілген. СА СҚА режимі бар, бірақ оны негіздеу жобасын әзірлеуді талап етпейді (әуе кемелерінің ұшу және қону, ғарыш аппараттарын ұшыру аймағындағы ұшудың стандартты бағыттарының бойындағы СА қоспағанда). 26. Тұрғын үй кешендеріне жапсарлас салынған әлеуметтік-бағытталған инфрақұрылым объектілері (5 дейін қоса алғандағы посты бар автомобильдерді жуу орны, ауысымына өнімділігі 75 кг артық болмайтын химиялық тазалау және кір жуу орны, паркингтер) СҚА ұйымдастыру жобасын әзірлдеуді талап етпейді. 27.Мал сою пункттерінен және мал сою алаңдарынан ең аз СА осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшада келтірілген. 28. Елді мекеннен авиациялық тәсілмен пестицидтермен (улы химикаттармен) өңделетін ауыл шаруашылығы алқабына дейінгі СА өлшемі кемінде 2000 метрді құрауы тиіс. 29. Әуежайлар, аэродромдар, вертодромдар айналасында әрбір нақты жағдайда атмосфералық ауаға физика­лық әсер етудің (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) және атмосфералық ауаның ластануының таралуы есептеу­лері негізінде, сондай-ақ заттық зерттеулер және өлшеу­лер нәтижелері, халықтың денсаулығы үшін тәуе­келді бағалау негізінде, мөлшері санитариялық-эпиде­миологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжат­тарымен белгіленген талаптарға дейін халыққа өмір сүру факторларының әсерін азайтуды қамтамасыз ететін пайда­ланудың ерекше режимі бар арнайы аумақ (СҚА және СА) белгіленеді. Есептеулерді, заттық зерттеулер мен өлшеулерді, халық денсаулығы үшін тәуекелді бағалауды ұйымдастыруға және жүргізуге аэродром мен вертодромдардың иелері жауапты болады. 30. І, ІІ, ІІІ, ІV және V қауіптілік сыныбындағы объектілер үшін СҚА-ның мөлшерін тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің басшылары (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың), көліктегі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері немесе орынбасарлары осы Санитариялық қағидалардың 4-тарауына сәйкес өзгертеді. 31. СҚА, СА аумағындағы және олардың шекарасындағы атмосфералық ауаны зертханалық зерттеуді және атмосфералық ауаға физикалық әсерді өлшеуді аккредиттелген өндірістік зертханалармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ұйым­дармен және/немесе Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттеуден өткен зертханалармен жүзеге асырылады. 32. Халыққа физикалық әсер ету факторларының көздері болып табылатын өндірістік объектілерге арналған СҚА өлшемдері көздердің орналасқан орындарын және олардан туындайтын шуды, дірілді, иондамайтын сәулеленудің сипатын есепке ала отырып, акустикалық есептеулер негізінде белгіленеді. СҚА өлшемдерін белгілеу үшін есептеу параметрлері жобалық қуатқа шыққаннан кейін бір жыл бойы объектіні пайдалану үрдісінде атмосфералық ауаға физикалық әсер ету факторларының заттай өлшеулермен расталуы тиіс. 33. СҚА өлшемдері Кодекстің 145-бабымен айқындалған санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекет­тік жүйесінің құжаттарына сәйкес СҚА-ның сыртқы шекарасындағы шудың, дірілдің, иондамайтын сәулеленудің РЕШД бойынша айқындалады. 34. Халықты әуелік электр беру желілері (бұдан әрі – ӘЭЖ) туындайтын электр өрісінің әсерінен қорғау мақсатында жоғары вольтты желі трассасының бойында санитариялық ажырау белгіленеді, оның сыртындағы электр өрісінің кернеулігі 1 метрге 1 килоВольттан (бұдан әрі – кВ) аспайды. Қайта жобаланатын ӘЭЖ, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстар үшін санитариялық ажырау шекараларын ӘЭЖ трассасының бойында сымдарды көлденең орналастыру арқылы және оның екі жағында электр өрісінің кернеулігін төмендету құралынсыз ӘЭЖ-ға перпендикуляр бағыттағы жиектегі фазалық сымдардың жерге проекциясынан мынадай қашықтықтарда қабылдауға жол беріледі: 1) кернеулігі 220 кВ ӘЭЖ үшін – 20 м; 2) кернеулігі 500 кВ ӘЭЖ үшін – 30 м; 3) кернеулігі 750 кВ ӘЭЖ үшін – 40 м; 4) кернеулігі 1150 кВ ӘЭЖ үшін – 55 м. 35. Таратушы радиотехникалық объектілер орналасқан жерлерде СҚА өлшемін белгілеу Кодекстің 145-бабымен айқындалған санитариялық-эпидемиологиялық нор­ма­лаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарына сәйкес жүргізіледі. 3. Санитариялық-қорғаныш аймақтарын жобалау 36. Жоба алды және жобалық құжаттамаларды, құрылыс өнеркәсіп объектісі реконструкциясы мен өндірісі және/немесе өнеркәсіп объектілері тобының және өндірістер жобаларын әзірлеудің барлық кезеңдерінде СҚА негіздеу көзделеді. СҚА негіздеу осы Санитариялық қағидаларда баяндалған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. 37. Жаңа объектілер құрылысына, қолданыстағы объек­тілерді реконструкциялауға немесе техникалық қайта жарақтандыруға СҚА негіздеудің жоба алды және жоба­лық құжаттамаларында СҚА ұйымдастыруға және көгал­дандыруға арналған іс-шаралар және қаражат көзделеді. 38. СҚА шекаралары шеткі химиялық, биологиялық және/немесе физикалық әсер ету көздерінен бастап белгіленеді. Жер учаскесін бөліп беру сатысында әсер ету көздерінің анық орналастырылуы деректерінің жоқ кезінде СҚА шекарасы белгіленген бағытта алаңның шекарасынан оның сырқы шекарасына дейін орнатылады. 39. СҚА белгілеу үшін атмосфералық ауаның химиялық ластануы жетекші фактор болып табылатын шығарындылар мен өндірістердің сипаттамасына қарай СҚА өлшемі өнеркәсіп алаңы шекарасынан және/немесе ластайтын заттардың шығарындылары көздерінен бастап белгіленеді. Өнеркәсіптік алаңы аумағының шекарасынан: 1) ашық алаңдардағы технологиялық жабдықтардың бар болуы кезінде ұйымдастырылған және ұйымдастырыл­маған көздерден; 2) өнеркәсіптік алаң аумағы бойынша әр-жерде бөліп жайғастырылған көздері бар өндірісті ұйымдастырған жағдайда; 3) жер бетіндегі және төменгі көздер, орташа биіктіктегі суық шығарындылар бар болғанда; 4) жоғарғы, орташа көздерден жылытылған шығарын­дылары бар шығарындылар көздерінен. Шығарындылар көздерінен: жоғарғы, орташа көздерден жылытылған шығарындылары бар болғанда. 40. Адамның өмір сүру ортасын ластау көздері болып табылатын қолданыстағы объектілер үшін өмір сүру ортасына әсер етудің барлық түрлерін химиялық және биологиялық әсер ету кезінде РЕШШ-ға дейін, физикалық факторлардың әсер етуі кезінде РЕШД-ге дейін төмендеткен жағдайда өндірістерді реконструкциялауды немесе қайта бейіндеуді жүргізуге рұқсат етіледі. 41. Есептелген СҚА және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық және физикалық әсерді заттай зерттеулер мен өлшеулер, тәуекелді бағалау (І және ІІ қауіптілік сыныбындағы объектілер үшін) негізінде алынған өлшем сәйкес келмеген жағдайда, СҚА өлшемі бойынша шешім халықтың денсаулығы үшін неғұрлым үлкен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін нұсқа бойынша қабылданады. 42. Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын объектілер үшін өнеркәсіптік объектілер мен өндірістердің санитариялық сыныптамасына сәйкес адамның өсір сүру ортасы мен денсаулығына табиғаты бойынша әртүрлі қолайсыз факторларды азайту бойынша көзделетін шараларды ескере отырып, осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес объектінің қауіптілік сыныбына сәйкес келетін СҚА өлшемдері белгіленеді. 43. Өндірістің көлемін уақытша қысқарту ең үлкен жобалық немесе объектінің іс жүзінде қол жеткізілген қуаты үшін қабылданған СҚА өлшемін қайта қарауға негіз болып табылмайды. 44. СҚА және СА графикалық материалдарда көрсетіліп белгіленеді (қаланың бас жоспары, аумақтық жоспарлау схемасы, топографиялық карта, ситуациялық схема). 45. СҚА өлшемін негіздеу кезінде мыналар: 1) СҚА өлшемі мен шекаралары; 2) халықты зиянды химиялық қоспалар шығарынды­ларының атмосфералық ауаға әсерінен және физикалық әсерден қорғау жөніндегі іс-шаралар; 3) СҚА аумағының пайдалану және көгалдандыру режимі белгіленеді. 46. Жобаланатын, реконструкцияланатын және қолда­ныстағы объектілер үшін өндірістік және басқа да объек­ті­лердің санитариялық сыныптамасы және ең аз СҚА өлшемдері осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сыныптама негізінде белгіленеді немесе, атмосфералық ауаның ластануының таралуының және атмосфералық ауаға физикалық әсер ету (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) есептеулерінің нәтижесі бойынша сыныптама жоқ болған жағдайда денсаулыққа тәуекелін бағалай отырып, белгіленген тәртіппен бекітілген әдістемелер бойынша І және ІІ қауіптілік сыныбындағы объектілер үшін белгіленеді. 47. Объектілер топтары немесе өнеркәсіп желісі үшін СҚА өлшемі өнеркәсіптік аймаққа, өнеркәсіп желісіне (кешен) кіретін объектілер көздерінің физикалық әсерін және жиынтық шығарындыларды ескере отырып белгіленеді. Олар үшін бірыңғай есептеулер СҚА белгіленеді және есептеу параметрлерін заттай зерттеулердің, халықтың денсаулығы үшін тәуекелді бағалау деректерімен растаудан кейін СҚА өлшемі түпкілікті белгіленеді. Халықтың денсаулығы үшін тәуекелді бағалау құрамына І және ІІ қауіптілік сыныбындағы объектілер кіретін объектілер топтары үшін жүргізіледі. Өнеркәсіп аймағының, өнеркәсіп желісінің (кешендерінің) құрамына кіретін өнеркәсіптік объектілер мен өндірістер үшін, негізделген кезде, СҚА әр объект үшін жеке белгіленеді. 48. Объектілерді реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру атмосфералық ауаның күтілетін ластануын, атмосфералық ауаға физикалық әсерді есептеулері болған жағдайда жүргізіледі. Объектіні реконструкциялау және пайдалануға беру аяқталғаннан кейін есептеу параметрлері атмосфералық ауаны заттай зерттеулер және атмосфералық ауаға физикалық факторлардың әсерлерін өлшеулер нәтижелерімен расталады. 49. Қазіргі заманғы өнеркәсіптік жобалаудың міндетті шарты шығарындылардың зиянды химиялық немесе биологиялық компоненттерінің атмосфералық ауаға, топыраққа және су қоймаларына түсуін болдырмауға немесе барынша азайтуға, физикалық факторлар әсерін болдырмауға немесе оларды гигиеналық нормативтерге дейін және одан да төмен азайтуға мүмкіндік беретін озық ресурстарды үнемдейтін, қалдықсыз және аз қалдықты технологиялық шешімдерді енгізу болып табылады. 50. Құрылыс және реконструкция жобаларында әзірленетін технологиялық және техникалық шешімдер, жаңа технологиялар тәжірибелік-экспериментальдық өндірістердің деректері, осыған ұқсас өндірісті құру бойынша шетел тәжірибесінің материалдары негізінде өндірісті жоспарлау кезінде тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардың нәтижелеріне негізделуі тиіс. 51. Қолданыстағы, реконструкцияланатын және жобаланатын өнеркәсіптік объектілер мен өндірістердің СҚА және СА (әуе кемелерінің ұшу және қону аймағындағы ұшудың стандартты бағыттарының бойындағы) өлшемін өзгерту (көбейту, азайту) қажетті өзгерістерді негіздейтін жобаны әзірлеумен сүйемелденеді. 4. Санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемдерін белгілеу 52. Объектілер үшін СҚА өлшемдерін белгілеу жаңа, реконструкцияланатын объектілердің немесе істегі объектілерді техникалық қайта жарақтандыру жобасы құрамында ұсынылатын бақылау бағдарламасына сәйкес орындалған атмосфералық ауаның заттай зерттеулерінің және өлшеулерінің нәтижелерін, атмосфералық ауаға физикалық әсер ету деңгейлерін ескере отырып, атмосфералық ауаға физикалық әсер ету және атмосфералық ауаның ластануы есептеулері бар СҚА негіздеу жобалары бар болғанда жүргізіледі. Әуе кемелерінің ұшу және қону аймағындағы ұшудың стандартты бағыттарының бойындағы СА өлшемін белгілеу атмосфералық ауаға физикалық әсер ету деңгейлерінің натуралық зерттеулері мен өлшеулері нәтижелерін еске­ре отырып, атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің есептеулері бар СА негіздеу жобасы бар болғанда жүргізіледі. 53. Қолданыстағы, реконструкцияланатын немесе қайта бейімделген І және ІІ қауіптілік сыныбындағы объектілер үшін СҚА өлшемін өзгерту (азайту, көбейту) тұрғын үй құрылысына дейінгі жеткілікті арақашықтықтың болуы ескерілген, төмендегі материалдарға негізделген жобаға сәйкес жүргізіледі: 1) атмосфералық ауаның ластануы таралуының және атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) есептеулері бар СҚА жобасының сараптамасы нәтижелеріне; 2) халықтың денсаулығына келетін тәуекелді бағалауға; 3) өндірістік-экологиялық бақылау үрдісіндегі РЕШШ нормативтерін бағалаудың бекітілген әдістемесі бойынша жүргізілген есептеулердің, атмосфералық ауаға физикалық әсер ету деңгейлерін өлшеудің нәтижелеріне сәйкес бақылауды қажет ететін заттар үшін атмосфералық ауаның ластануының жүйелі үздіксіз (жылдық) (үш жылдан кем емес) жүргізілген натуралық зерттеулеріне және өлшеулеріне (жеке нүктедегі әрбір ингредиент үшін кемінде елу зерттеу); 54. ІІІ, ІV және V қауіптілік сыныбындағы жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын объектілері үшін СҚА өлшемдері мыналар негізінде өзгертіледі: 1) атмосфералық ауаның ластануы таралуының және атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) есептеулері бар СҚА жобасы сараптамасының нәтижелері; 2) өндірістік-экологиялық бақылау процесіндегі РЕШШ нормативтерін бағалаудың бекітілген әдістемесі бойынша жүргізілген есептеулердің, атмосфералық ауаға физикалық әсер ету деңгейлерін өлшеудің нәтижелеріне сәйкес бақылауды қажет ететін заттар үшін атмосфералық ауаның ластануының жүйелі үздіксіз (жылдық) (үш жылдан кем емес) жүргізілген заттай зерттеулері және өлшеулері (қыс мезгілін қоспағанда жекелеген нүктедегі әрбір ингредиентке кемінде отыз зерттеу); 3) объектілердің құрамын өзгерту және объектілерді қайта бейімдеу, немесе өмір сүру ортасына әсер етудің деңгейлерін қысқартуға бағытталған озық технологиялық шешімдерді, тиімді тазарту құрылыстарын енгізу негізінде. Нормативтік деңгейлерді техникалық және технология­лық құралдармен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса және /немесе әсер ету факторларының әрқайсысы бойынша заттай зерттеулер мен өлшеулердің нәтижелері бойынша жұмыс істейтін объектілердің СҚА өлшемдері белгіленген өлшемдерге қарағанда ұлғайтылады. Ахуалды бағалау объектіні пайдаланудың соңғы үш жылы ішіндегі өлшенген параметрдің орташа жылдық мәндері бойынша жүзеге асырылады. 5. Санитариялық-қорғаныш аймағын көгалдандыру және оның аумағының режимі 55. СҚА шекараларында: 1) жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда, жаңадан салынып жатқан тұрғын үй құрылыстарын; 2) ландшафтық-рекреациялық аймақтарды, демалыс аймақтарын, курорт, санаторий және демалыс үйлерінің аумақтарын; 3) жаңадан құрылатын және ұйымдастырылатын бау-бақша серіктестіктерінің аумақтарын, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін; 4) спорт құрылыстарын, балалар алаңдарын, білім беру және балалар ұйымдарын, жаппай қолданылатын емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдарын орналастырмайды. 56. СҚА шекараларында және өнеркәсіптің басқа да салаларының объектілері аумақтарында: 1) дәрілік заттарды, дәрілік құралдарды және/немесе дәрілік нысандарды өндіру жөніндегі объектілерді, фармацевтикалық кәсіпорындар үшін шикізат және жартылай өнімдер қоймаларын; 2) тамақ өнеркәсібі салаларының объектілерін, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің көтерме қоймаларын; 3) ауыз су дайындауға және сақтауға арналған су құбыры құрылыстарының кешендерін орналастырмайды. 57. Өндірістік объектінің СҚА шекараларында көрсетілген объектінің жұмыскерлеріне, келушілерге қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен құрылыстарды және объектінің қызметін қамтамасыз етуге арналған мына объектілер орналастырылады: 1) кезекші авариялық персонал үшін тұрғын үй емес үй-жайларды, вахталық әдіс бойынша (15 күнтізбелік күнге дейін ) жұмыс істейтін адамдар тұратын үй-жайларды; 2) өрт сөндіру депосын, монша, кір жуатын орындарды, сауда және қоғамдық тамақтану объектілерін, гараждарды, қоғамдық және жеке көлікті сақтауға арналған алаңдар мен құрылыстарды, автомобильге май құю станцияларын, қоғамдық және әкімшілік ғимараттарды, конструкторлық бюро­ларды, оқу орындарын, емханаларды, ғылыми-зерт­теу зертханаларын, жабық үлгідегі спорт-сауықтыру құрылыстарын; 3) жергілікті және транзитті коммуникацияларды, электр беру желілерін, электр қосалқы станцияларын, мұнай және газ құбырларын, техникалық сумен жабдықтауға арналған артезиан ұңғымаларын, техникалық су дайындауға арнал­ған суды салқындататын құрылыстарды, су бұру сорғы станцияларын, айналымды сумен жабдықтау құрылыстарын; 4) өндірістік объектінің СҚА шекараларында, негіз­делген кезде тамақ өнімдерін өндіруге пайдаланылмайтын техникалық дақылдарды өсіруге арналған ауыл шаруашылық алқаптары орналастырылады. 58. ІV, V сыныптағы кәсіпорындар үшін СҚА алаңның кемінде 60 % максималды көгалдандыруын көздейді, ІІ және ІІІ сыныптың кәсіпорындары үшін – кемінде 50 %, СҚА 1000 м және одан асатын кәсіпорындар үшін – тұрғын үй құрылысын салу жағынан ағаш-бұта көшеттері жолағын міндетті түрде ұйымдастыра отырып, кемінде 40 % аумағын көгалдандыру көзделеді. СҚА алаңын көгалдандырудың көрсетілген үлес салмағын орындауға мүмкіндік болмаса (өнеркәсіп алаңы (объектілер) тығыз салынған кезде) СҚА жобасында міндетті түрде негіздей отырып, құрылыс салудан бос аумақты көгалдандыруға жол беріледі. 59. Тамақ өнеркәсібі салалары объектілерінің, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімі көтерме қоймаларының, дәрілік заттарды, дәрілік құралдар мен (немесе) дәрілік нысандар өндірісінің, фармацевтикалық кәсіпорындар үшін шикізат пен жартылай өнімдер қоймаларының СҚА шекараларында өнімге, адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына, өнімге өзара жағымсыз әсер ету болмаған жағдайда, жаңа бейінді, бір типті объектілерді орналастыруға жол беріледі. 60. Объектінің СҚА шекараларында орналасқан немесе СҚА-ға іргелес жатқан автомобиль магистралі оның өлшеміне кірмейді, ал автомобиль магистралінің шығарындылары санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемін негіздеу кезінде фондық ластануда ескеріледі. 61. СҚА немесе оның қандай да бір бөлігі тұрғын үй аймағын кеңейту, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін орналастыру үшін объектінің резервтік аумағы ретінде қарауға болмайды. СҚА бір бөлігі бар СҚА-ның сыртқы шекарасында РЕШШ және/немесе РЕШД сақталуы негіздемесінің жобасы болған жағдайда, өндірістік аймақты кеңейту үшін объектінің резервтік аумағы ретінде қаралуы мүмкін. «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 1-қосымша Өндірістік және басқа да объектілердің санита­риялық сыныптамасы және ең аз СҚА өлшемдері 1. Химиялық өндірістер 1. І сынып – СҚА кемінде 1000 м: 1) байланысқан азот (аммиак, азот қышқылы, азот-тук және басқа да тыңайтқыштар) өндірісі. Аммиак, құрамында азот бар қосындыларды (несепнәр, тионесепнәр, гидразин мен оның туындылары және басқалары), азот-тук, фосфат, концентратты минералды тыңайтқыштарды, азот қышқылын және басқаларды шығаратын комбинаттар кеңейтілген СҚА талап етеді; 2) бензол және эфир қатарындағы анилинді-бояу өнеркәсібі өнімдері мен жартылай өнімдерінің - анилин, нитроанилин, алкилбензол, нитрохлорбензол, фенол, ацетон, хлорбензол және басқаларының өндірісі; 3) нафтален және антрацен қатарындағы жартылай өнімдердің - бетанафтол, аш-қышқылы, фенилпери қышқылдар, периқышқыл, антрахинон, фталийлік ангидрид және басқаларының өндірісі; 4) күкіртті немесе құрамында күкірті бар материалдарды жағу негізінде қышқылды сульфитті және бисульфитті немесе моносульфитті әдіспен целлюлозаның және жартылай целлюлозаның өндірісі, сондай-ақ сульфатты әдіс (сульфат-целлюлоза) бойынша целлюлоза өндірісі; 5) электролиттік жолмен хлордың, хлор негізінде жартылай ө